АРЫС: QUEST – 2022-«Туған өлке-тарихым атты» қала жастары арасында квест-2022 ойыны өткізілді.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жастардың бойындағы рухани құндылықтарды жаңғырту, жастарды ұйымшылдыққа баулу, достық қарым-қатынасты орнату мақсатында, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ-сі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Туған өлке-тарихым атты» қала жастары арасында квест-2022 ойыны өткізілді.

Аталған ойында «Болашақ», «Бірлік», «Жалын», «Сұңқар», «Жастар» сынды командалар бақтарын сынады.

Ойын нәтижесінде:

I орын-«Сұңқар»

II орын-«Жастар»

III орын — «Жалын»

Және үздік ойын көрсеткендері үшін «Болашақ» пен «Бірлік» командалары

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М. Сарыпбекованың арнайы алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, командаларға арнайы сыйлықтар үлестірілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.