Арыстағы мектептерде «Адалдық сағаттары» өтті

Түркістан облысы, Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі ММ-не қарасты С. Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де «1қыркүйек — Білім күні» мерекесіне орай, мектебімізде «Адалдық сағаттары» өтті.

Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын қалыптастыру;

Адалдық сағаттарына Сырдария м.а.аға биі Н. Исаев, Әжелер алқасының төрайымы М. Абуова, «Қамқоршылық кеңес» мүшесі Б. Көппаева қатысып, білім алушыларға адалдық, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттері туралы айтты.

Дәл осындай шара, “Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі” ММ қарасты 372 бастауыш мектебінде 1-9 қыркүйек аралығында өткізілуде. Адалдық сағаты барысында 4- сынып оқушыларына (25 оқушы) бейнеролик көрсетіледі. Шараға лектор ретінде мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Дүйсенова мен мектеп директоры және орынбасарлары қатысады.

Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік және сенім құндылықтарын қалыптастыру.

«Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі «мемлекеттік мекемесіне қарасты «И.Журба атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де «Адалдық сағаты» өткізілді.

«Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік және сенімділік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында ауыл ақсақалы О.Шохбутов пен ата-аналар комитетінің төрағасы М.Қалыбековтың қатысуымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Исмаилованың ұйымдастырумен «Адалдық сағаты» өтілді. «Адалдық сағаты» барысында балалар құндылықтар туралы өз көзқарастарын білдіріп, қазақ зиялыларының пікірлеріне кеңінен тоқталды.

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.