БӘЙДІБЕК: ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бәйдібек ауданында білім беру саласы қызметкерлерінің қатысуымен Тамыз пленарлық мәжілісі өтті.

Кеңеске Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Жүзімкүл Әбуқызы, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Тұрсынәліұлы, аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Замира Оязбекқызы, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ақбала Аманбайқызы, «AMANAT» партиясының төрағасы Тұрсынәлі Қырғызәліұлы, «Оңтүстік ұстаздары» газетінің меншікті тілшісі Серікбай Дәулетбайұлы және БАҚ өкілдері қатысты.

«Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық: балалар және білім» тақырыбындағы мәжілісте акдандық бөлім басшысы Ақбала Аманбайқызы баяндама жасап, 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылындағы міндеттер туралы атап өтті.

— ҰБТ тапсырған 650 түлектердің 55,4% ЖОО-ға грантқа түсті

— Жазғы демалыс кезінде «Тау шыңы» демалыс лагерінде 8 ауысымда 1000 баланың демалуы ұйымдастырылды.

— «Мектепке жол» акциясында демеушілер есебінен 50-ге жуық бала киім-кешекпен және мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді. Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады»,- деді А.Аманбайқызы.

Жиын соңында өткен оқу жылының қорытындысы бойынша кәсіби шығармашылық жетістіктерге қол жеткізген озат педагогтарды және мектеп басшыларын марапаттау рәсімі өтті.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Айта кетейік, Бәйдібек ауданында 49 мемлекеттік, 1 жекеменшік мектеп, 47 мектепке дейінгі және 2 қосымша білім беру ұйымдары жұмысын бастайды.

Биылғы 2022-2023 жаңа оқу жылында 1152 оқушы мектеп табалдырығын аттайды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.