БӘЙДІБЕК: ҚОҢЫРАУ ҮНІ СЫҢҒЫРЛАП, ЕСТІЛДІ ЖЫЛЫ ЖАНЫМА

Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 49 мемлекеттік, 1 жекеменшік білім беру ұйымында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтілді. Жаңа оқу жылында аудан бойынша 12000-нан астам оқушы мектепте білім алуды бастайды. Оның ішінде мектеп

табалдырығын алғаш рет аттаған шәкірттердің саны – 1152.

Салтанатты жиыннан соң, мектептерде сынып сағаттары жалғасын тапты.

Сонымен қатар, құрылысы аяқталып пайдалануға жаңадан берілген Жолғабас негізгі орта мектебінің қосымша жайының лентасы салтанатты түрде қиылды. Аталған мектепке аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков, адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ақбала Аманбайқызы және т.б. қадірлі қонақтар арнайы қатысып, оқушылар мен ұстаздарды білім күнімен құттықтады.

Айта кетейік: жаңадан пайдалануға берілген Жолғабас негізгі орта мектебінің қосымша жайы екі қабатты. 8 сынып бөлмесі бар. Жолғабас елді-мекеніндегі мектеп жасындағы 120 оқушы аталған қосымша жайда заманауи үлгімен жабдықтылған лингофон, химия, биология, тігін шеберханасы сыныптарында сапалы білім мен саналы тәрбие алатын болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.