ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ШЫМКЕНТТІҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ 48-ГЕ АРТАДЫ

Шымкент қаласы білім басқарамсына қарасты жалпы білім беру ұйымдары жаңа оқу жылында 48 мекемеге артып, жалпы саны 946-ны құрады. Оның ішінде, 30 бала бақша, 15 мектеп, 1 оқушылар сарайы және Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК) пен Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) бар. Қаланың бас педагогы Ж.Тажиева осылай дейді.

Мемлекет басшысымен бекітілген іс-шаралар жоспарында білім саласына қатысты 20 тапсырма беріліп, жалпы 3 бағдарламада 52 көрсеткіш белгіленген.

2025 жылға дейін жалпы 68 675 орындық 54 мектеп салынады деп жоспарлануда. Оның ішінде, 2023 жылы 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 3 мектеп мәселесі 2023 жылдың 1 қыркүйегіне толығымен шешіледі.

Бала саны тығыз орналасқан 11 тұрғын алаб үшін 21 мектеп, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 25 мектеп, қосымша құрылыстар есебінен 29 мектеп, жеке инвесторлар есебінен 26 мектеп.

Нәтижесінде, үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал ыңғайластырылған ғимарат, жаңадан ашылған шағын аудандардың мектеп мәселесі және сынып толымдылығы жоғары (дефицит) мектептер мәселесін 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған.

2023 жылға мектептерді жаңа модификацияланған жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 1 767,4 млн. тг. қаржы қаралып, жалпы 141 кабинет және 299 дана жабдықталған интерактивті панель орнатуға мемлекеттік сатып алу процедуралары өткізілуде.

Нәтижесінде, пән кабинеттер үлесі 72%-дан 85% артатын болады. Бүгінгі күні 60 кабинеттің құрал-жабдықтары білім беру мекемелеріне 100% жеткізілді.

Сонымен қатар, 2023 жылы «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жоспарына сәйкес, цифрлық оқулықтарға да қаржы қаралған. Оның ішінде, қазақ тіліндегі көркем әдебиеттер үлесі 65%-ды құрайтын болады.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарына барлығында арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл батырмалары толығымен орнатылып, олар Шымкент қаласының Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен келісім-шарт түзілген.

Сонымен бірге монитроринг барысында бірқатар мәселелер анықталды. Атап айтқанда, 4 мектепте асхана мәселесі, 5 мектепте арнайы спорт зал мәселесі және 5 мектепте интернактивті тақталардың істен шығуы анықталған.

108 мектепте мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүргілген байқауда жеңімпаз болып танылған компанияның өз міндеттерін орындамауы себепті, мектеп әкімшілігі 2023 жылғы 31 шілдеде компаниямен келісім-шартты бұзып, мемлекеттік сатып алу порталына 1 тамызда қайта байқау жариялаған.

Мектеп ауласында екі оқу корпусы орналасқан. Жылу жүйелері опрессовкадан өткен. Бір оқу ғимаратына бояу, тазалау жұмыстары демеушілер тарапынан жүргізілген. Екінші оқу ғимаратын мемлекеттік сатып алу порталындағы байқау жұмыстары аяқталған соң жүргізу жоспарлануда»,- деген департамент басшысы.

Мониторинг қорытындысы бойынша күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептердің әкімшілігіне ата-аналармен, педагогикалық қоғамдастықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мердігердің жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтауын тұрақты қадағалап отыру бойынша ұсыныстар берілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.