ЖЕТІСАЙ МЕКТЕПТЕРІНЕ КІТАП 100 ПАЙЫЗ ТАРАТЫЛДЫ

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдары Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сұраныс беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен бекітілген 2022-2023 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

Оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес, 2022-2023 оқу жылына 2 сыныптың оқулықтары 100 пайыз алынып, мектептерге таратылды. Сонымен қатар, «Абайтану» вариативті курсы бойынша 5-11 сыныптар үшін оқу әдебиеттері, арнайы (коррекциялық) мектептердің 8,9-сыныптарына арналған оқу әдебиеттері, үш тілде білім беретін мектептерге арналған қостілді (билингвалды) және ұлттық мектептердің 7-сыныбына арналған оқу әдебиеттері жәнеде жетіспейтін оқулықтармен мектеп оқушылары қамтамасыз етілді.

Оқулықтарды тарату бойынша белсенді жұмыс жасаған кітапхана қызметкерлеріне үлкен алғыз айтамыз.Сіздерге шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілейміз. Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және куанышты болсын!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.