ЖЕТІСАЙ: ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарының педагог- психологтарымен тамыз педагогикалық секциялық отырысы Алпамыс батыр атындағы №8 жалпы орта мектебінде өтті. Секция отырысы «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері және арнайы бағыттар әдістемесі» тақырыбында баяндама, психологиялық тренингтер, жаттығулар, өзара диалог, пікірталас түрінде өтті. Аталған жиында аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің психологиялық қызмет бойынша әдіскері Ибадуллаева Қарақас Зейдинқызы секция отырысын ашып, қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. мемлекеттік жалпыға 2022-2023 оқу жылында ҚР-ның мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу –тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері, білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарындағы үлгілік оқу жоспарларындағы өзгерістер туралы» әдістемелік нұсқау хатпен , биылғы оқу жылындағы ерекшеліктермен таныстырды.

Жиында Н.Төреқұлов атындағы №13 жалпы орта мектебінің педагог-психологы Г.Кенжебекова «Жасөспірімдер арасында тұлғааралық қарым-қатынас мәселелері», N58 ЖОМ педагог-психологы Қ.Арыстан «Қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және жасөспірімдердің арасында зорлық-зомбылықты алдын алу», Абай атындағы №4 ЖОМ педагог-психологы Г.Айгабылова «Отбасылық құндылықтар негізінде бала күйзелісінің алдын алу бағыттары», М.Әуезов атындағы №31 ЖОМ педагог-психологы Ж.Тұрдымұратова «Ата-ананың баламен қарым-қатынас құру құпиясы» тақырыптарында баяндама жасап, қатысушылармен психологиялық тренинг, ойын-жаттығулар жүргізді.Жиын соңында қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға жауап берілді.Қатысушылар жиында айтылған мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстар берді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.