ЖЕТІСАЙ: «Туған тілім – тірегім» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті

Жетісай ауданына қарасты Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы орта мектебінде Тілдер мерексесіне орай ағылшын тілі пәнінің мұғалімі П.Уташеваның ұйымдастыруымен 8 «А» сынып оқушыларымен «Туған тілім – тірегім» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету, қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту; оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулуды мақсат еткен сабақ қызықты да мазмұнды өтті.

Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз өркендей берсін!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.