ЖЕТІСАЙ: «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» онкүндігі

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай қыркүйек айының 5-15 аралығында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында өтіп жатқан онкүндік барысында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі О.Гаюбованың ұйымдастыруымен «Әлем кеңістігіндегі Ахмет пен ұлт тұлғасы» («Образ Ахмета и нации в мировом пространстве») тақырыбында 10-сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті.

А.Байтұрсыновтың қазақ әліппесі мен жазуының қалыптасуы және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қосқан үлесін анықтау, қоғам қайраткері ретінде қазақ тіл білімінің негізін салудағы еңбегін дәріптеу мақсатында өткен сабақ мазмұнды да қызықты өтті. Оқушылар ұлт кемеңгері, қайраткер тұлға, ақын, жазушы, аудармашы, белгілі ғалым, «Қазақ әліппесінің» негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, халқы үшін атқарған ерен еңбектері туралы толымды білім, тағылымды тәрбие алып, бойларында ұлтжандылық пен Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырды.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.