ЖЕТІСАЙ: ҚАЗАҚ, ОРЫС, АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНІҢ КУРСЫ БАСТАЛДЫ!

Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Жетісай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдері бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлерін және аудан тұрғындарын оқу курсына қабылдайды.

Оқу 2022 жылдың қыркүйек айының 12 жұлдызынан бастап кесте бойынша өтіледі. Оқу мерзімі: 4 ай көлемінде ақысыз жүргізіледі.

Оқуға өтініштер мен құжаттар қыркүйек айының 9 жұлдызына дейін қабылданып, рәсімделеді.

Оқу аяқталғаннан соң, тіл үйренушілерге курсты толық аяқтағаны жөнінде мекеме атынан сертификат беріледі.

Қажетті құжаттар:

1.Жеке куәлік көшірмесі

2.Мекеме басшысы атына өтініш білдіру

3.Сауалнама толтыру

Анықтама үшін мекенжайымыз: Жетісай қаласы, Абай көшесі №50.

Байланыс сымтетігі : +7747 734 97 90

+7702 965 39 39

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.