Жетісай: Бала құқығы мен мүддесін қорғау

С.Рахымов атындағы №4 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бала құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде мектеп директоры С.Айтынбетов пен қамқоршылық кеңес мұшелері бірлескен жиналысы болып өтті.  Атап айтсақ мектебімізде балалар құқығын қорғау –ұлттық саясатымыздың негізгі бағыттарының бірі.Оқу жылының басында жоспар құрылып,бекітіліп біршама профилактикалық жұмыстар мен әртүрлі тәлім-тәрбие жұмыстары өз кезегімен орындалып жатыр.

«Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып оқу жылының басында оқуға дайындық ретінде мектебіміздегі жартылай жетім, көпбалалы аз қамтылған, көмекке мұқтаж отбасынан шыққан оқушыларымызға жеке кәсіпкерлер Ш.Нефталиев 15 оқушыға аяқ киіммен қамтамасыз етілсе, Д.Құралбаевтың көмегімен 8 оқушыға материалдық жағдаймен қамтамасыз етіп , 2 тұл жетім оқушыға қысқы сырт киімдері жағынан көмек берілді.Сонымен қатар баланың ең қажетті мүдделері – мектебімізде әр түрлі бағыттағы домбыра ,би ,спорттық секциялар, шебер қолдар, дебаттық үйірмелердің өз дәрежесінде атқарылды.«Құқықбұзушылықтың алдын алу» бойынша психологиялық іс-шаралардың өтуі мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп ,педагогикалық-

психологиялық кеңестер берілуде. Өткен 2021-2022 оқу жылы мектеп үшін жемісті ,жеңісті жыл болды.Аудандық, Республикалық олимпиада мен сайыстарда оқушыларымыз биік белестерді бағындыра білді.

Балалар мемлекетіміздің жарқын болашағы.Сондықтан биылғы жаңа оқу жылында оқушыларымыздың білімі мен тәрбиесін одан әрі шыңдай түсіп, өткен оқу жылындағы жетістіктерімізді екі есеге арттыруды межелеп отырмыз.Өскелең ұрпақтың дамуы мен бақытты балалық шағы білім беру , әлеуметтік қолдау бағытында нақты шараларды қолға алып отырмыз.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.