Жетісай: «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» онкүндігі өтуде

Тілдер мерекесіне орай Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Р.Исаева мен А.Қарсыбаеваның ұйымдастыруымен «Тұран» мектеп-гимназиясында» «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі » онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерімен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте » тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді мектеп директоры Кожбанова Хадиша Нартайқызы ашып берді. Дөңгелек үстелді модератор ретінде А. Қарсыбаева жүргізіп отырды. Дөңгелек үстелде М.Маметова мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Е.Мырзанов «Тіл-тарихтың айнасы, ұлттық құндылық» тақырыбында, Н.Оңдасынов мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Т.Усербаева «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», Б.Момышұлы мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» тақырыбында, М.Әуезов мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі А.Қыдырбаева «Тіл болашағы-ел ертеңі» тақырыбында, «Тұран» мектеп-гимназия» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ұ.Алдамұратова » Қазақтың қуаты-қазақтың тілінде» тақырыбында баяндамалар оқыды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушы әріптестер кері байланысқа шығып, өз ойларын , ұсыныстарын білдірді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.