КЕЛЕСТЕ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ӨТТІ

Түркістан облысы, Келес ауданы N34 А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінде ұлтымыздың ұлы ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Жиынға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәз Қасымбекова, Бірлесу ауылдық округінің әкімі Қарашаш Еркинбекова, аудан ұстаздары мен ауыл белсенділері, жергілікті қоғамдық қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Аталған шара маңыздылығына тоқталған аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәз Ерғалиқызы:

— Бүгін ұлт ұстазы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының рухына тағзым етуге жиналдық. Біз басқосып отырған осы білім ордасына ұлы ақын есімі 1990 жылы берілген болатын. Бұл сол кезде қазақтың біртуар ұлы Ахмет Байтұрсынұлының ерен еңбегіне көрсетілген зор құрмет еді. Сондықтан болар, ғұлама ойшылдың есімімен аталатын мектепте оқып, тәлім алу әрбір шәкірт үшін үлкен мақтаныш. Мектеп шәкірттері де Ахмет есімін ұлықтап, мектеп абыройын асқақтатып жүруді мақсат тұтқан,- деді.

Басқосу барысында Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқы мен жерінің мүддесін қорғау, мемлекетін қалыптастыру және білім беру саласын дамыту жолында атқарған қызметі жан-жақты талқыланды.

Жас өрендер арнайы сахналық қойылым тамашалады.

Кеш қонақтары Ахмет Байтұрсынұлы жасап кеткен еңбектерге жоғары баға беріп, оның өшпес мұрасы халық есінде мәңгі сақталып қалатынын атап өтті.

Айта кету керек, білім ордасының 11-сынып оқушысы Орынбек Жаннұр Түркістан қаласында өткен Ахмет Байтұрсынұлына арналған облыстық ғылыми жобалар конкурсында арнайы жүлдені жеңіп алды. Бұл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына білім ордасы атынан лайықты тарту болды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.