КЕЛЕС: «Бала қауіпсіздігі-басты назарда» тақырыбындағы жаңа форматта ата-аналар жиналысында «Бір күн-мектепте» атты мұғалімдер тарапынан сахналық көрініс ұйымдастырылды.

№2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясында «Бала қауіпсіздігі-басты назарда» тақырыбындағы жаңа форматта ата-аналар жиналысында «Бір күн-мектепте» атты мұғалімдер тарапынан сахналық көрініс ұйымдастырылды. Онда назарға «ұл тәрбиесі»,»қыз тәрбиесі,»жыныстық зорлық»,»отбасы зорлық-зомбылығы»барлық тақырып біріктіріліп көрсетілді.

Мектеп-гимназиямыздың жантанушы психологтары Инайм Кошкарова мен Айгерим Жумалиева ата-аналарға ерекше форматта тренингтер жүргізді.

5-11сынып оқушыларының мазмұнды жазылған эсселерінен (оқушының аты-жөні құпия түрде) үзінділер оқылып, ондағы бала ойының ұшқырлығына көңіл аудартты және ата-аналарға баласы жайлы аяқасты сұрақ-жауап әдістері жүргізілді. Және де бала бойындағы тұйықтық, сенімсіздік, ашушаңдық қасиеттерінің шығу себептері «Құмыра» әдісімен түсіндірілсе, «Мен баламын, мен есіткім, білгім келеді» ата-ана қатысуымен бала орнына өздерін қойып,кері байланыс алынды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.