КЕНТАУЛЫҚ ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Футболдан 2010-2011 жылы туылған ұлдар арасында 2022 жыл – Балалар жылына орай «Спорт – денсаулық кепілі!» ұранымен Жетісай спорт клубының ашық біріншілігі болып өтті. 2022 жылдың 23-25 қыркүйек күндері Түркістан облысы, Жетісай ауданында облыстық деңгейде өткен ашық турнирге қаламыздың намысын қорғап қатысқан Кентау қаласының құрама командасы жасыл алаңда қарсыластарынан суырылып шығып, тартысты өткен футбол додасында ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар турнирдің «Үздік қақпашы» номинациясын Кентау спорт клубының спортшысы Төлебай Азамат иеленді.

Жеткен жетістіктерімен Кентау спорт клубының ұжымын, жаттықтырушылары Д.Дүйсенбек және Ж.Лесті құттықтаймыз. Алдағы уақытта биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.