КЕНТАУ: «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ»

Кентау қаласына қарасты Кентау көпсалалы колледжінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы — Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты- ақын, ғалым, публицист, педагог, аудармашы, ұлттың ұлы ұстазы, өз халқын сүйген патриот қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері, шығармалары, аудармалары, тіл білімі, араб графикасына негізделген қазақ жазуы және нақыл сөздерін болашақ ұрпақтың бойына сіңіре отырып патриоттық сезімдерін арттыру.

Конференцияға Кентау көпсалалы колледжі, Қазақ-неміс политехникалық колледжі, №7 колледж, Арнаулы кәсіптік колледж, Кентау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатысты. Қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда студенттер Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері мен шығармалары, қазақ әліпбиі туралы, аудармалары, накыл сөздері, тіл білімі, туралы өздерінің ізденіспен жазған жұмыстарын көрсетті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.