Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес бөлімге қарасты Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясы мен Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің әкімшілігінің ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы #1 мектеп-гимназиясының базасында 28.09.2022 жылы «Отбасы-бақыт мекені» атты тақырыпта қалалық семинар өткізді. Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікте, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Семинарға Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие әдіскері Н.Кузембаева, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і
Кентау қалалық филиалы мамандары А.Құрманбаева, Қ.Еркінбек, Кентау қалалық емханасының маман дәрігерлері, «Әкелер мектебі» ұйымының мүшелері, қала және ауыл мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аға тәлімгерлер, педагог-ұйымдастырушылар, ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты Семинар барысында #1,12 мектептердің технология пәнінің мұғалімдері мектептің кіші залына оқушылар жасаған заттардан көрме, #1 мектептің педагог-психологтары С.Балтабаева, С.Сейтбекова қонақтарға жағымды көңіл сыйлау тренингін, #1 мектептің аға тәлімгері Д.Егембердиева «Ел ертеңі -Жасұлан» флешмоб, №1 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бахалиева, «Қызғалдақ» ұйымының жетекшісі А.Жайықбаева «Қыз инабаттылығымен әдемі , әдептілігімен сәнді» пікір алмасу, №12 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Мұхтарова «Отбасы -тәрбиенің бастауы » ата –аналар жиналысын, #1 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Омаров «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» дебат, №1,12 мектептерінің аға тәлімгерлері Д.Егембердиева, Ә.Ахметова «Тәрбиенің ең тамаша мектебі –отбасы» сұхбат, #1 мектептің сынып жетекшісі М.Ахметова «Тәрбие көзі-отбасы» тәрбие сағатын, #12 мектептің сынып жетекшісі М.Каюпова «Ұшқыр ой мен шешен тіл» зияткерлік ойын сабағын, #1 мектептің сынып жетекшісі Д.Асанова «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама» сынып сағатын, #1 мектептің педагог-ұйымдастырушысы Б.Айнабекова, музыка пәнінің мұғалімі А.Жаксылыкова концерттік бағдарлама, #1,12 мектептердің педагог-ұйымдастырушылары Б.Айнабекова, Қ.Мұратқасимова, дене шынықтыру пәнінің ұстаздары Қ.Назарбеков, Н.Аширбаев спорт залда «Көңілді мәре» спорттық сайысын ұйымдастырып өткізді. Бөлім әдіскері Н.Кузембаева және семинарға қатысушылар өткізілген барлық іс-шараларға жоғары бағаларын берді.
I see You’re truly a good webmaster. The site loading pace is amazing.
It seems that you’re doing any unique trick. Furthermore, the contents are masterwork.
you’ve performed a fantastic process in this subject! Similar here:
bezpieczne zakupy and also here:
Najlepszy sklep
I like this web blog it’s a master piece! Glad I discovered this ohttps://69v.topn google.Raise range
The other day, while I was at work, my cousin stole my iphone
and tested to see if it can survive a twenty five foot drop, just so she can be
a youtube sensation. My iPad is now broken and she has 83
views. I know this is entirely off topic but I
had to share it with someone!