
Ататүрік атындағы №4 мектеп -лицейінде тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес, 1–қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай жалғызілікті қарт зейнеткерлер мен қарт ұстаздарды қастерлеу, үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету мақсатында мектеп тәлімгері М.Жусипбаева мен 8«а» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Қарттарға қамқорлық жасайық!» атты акция ұйымдастырылды. Мектеп тәлімгері Жусипбаева Мадина мөлтек аудандағы тыл ардагері жалғызілікті қарт зейнеткер Руденко Зинайда Семёновнаның үйіне оқушылармен барып, мерекемен құттықтап, тәттілер сыйлап, батасын алып қайтты. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Бар тәттіні аузымызға тосып, бар жақсыны үстімізге кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл — өсиетін құлағымызға құюдан жалықпаған дана қарттарымыз аман болсын!