КЕНТАУ: Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс

Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі, талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн (М.Жұмабаев) 2022 жылдың 12-14 қыркүйек күндері Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен қалалық ювеналды полиция бөлімі Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектеп, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектеп, Қашғари атындағы мектеп лицей, №10 жалпы орта мектеп, Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектептерінде жаңа оқу жылының басталуына орай 8-11 сынып оқушыларымен бірлескен жиналыс өткізді. ЮПТ бастығы Ж.Ахметов, адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Н.Кузембаева, психология саласының әдіскері Р.Жайынбай кәмелетке жасы толмаған ұлдарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстың мақсаты құқықбұзушылықтың алдын-алу, мектеп қабырғасындағы тәртіп, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысын, күндізгі және түнгі рейдттердің жүргізілуі туралы ақпарат беру.

Отбасындағы бала тәрбиесiнде ата-аналардың рөлi ерекше. Құрметті ата-аналар күндізгі,түнгі мезгілде еріктілерден құрылған топтар рейдтте жүреді, балаларыңыздың қауіпсіздігіне байыппен қараңыздар, сынып жетекшілерімен үнемі хабарда болып, бірлесіп жұмыс жүргізіңіздер.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.