
Түркістан облысы, Кентау қаласы А.С.Пушкин атындағы N6жалпы орта мектебінде Мектепішілік Өзін- өзі басқару ұйымының 2022-2023 оқу жылының жоспарына сәйкес оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, өзін-өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру мақсатында іс-шара өткізілді. Оқушының дүниетанымын, жан-жақты ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, көп ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Оқушылардың мектепке деген құрмет сезімін ояту. Сайлауға мектепішілік президенттігіне 8-10 сынып оқушылары арасынан 9 үміткер түсті. Үміткерлер өз бағдарламаларын құрып, оларды мектеп оқушыларына баяндап берді. Әрбір үміткер оқушыларды өздеріне дауыс беруге шақырды.