
А.С.Пушкин атындағы N6 жалпы орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Айсұлу Достемесованың ұйымдастыруымен «Өзін-өзі» басқару ұйымының сайлауы өткізілді. Өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне 9 үміткер түсті. Сайлауға 200 бюллетень шығарылды. Сайлау соңында ұяшықты комиссия құрамымен ашылып дауыстар саналды. 200 бюллетеннің 170 жарамды, 30 жарамсыз болып шықты. Басым дауыспен «Өзін-өзі басқару»ұйымының президенті болып 9 сынып оқушысы Далиханқызы Шапағат болып анықталды. Алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз.