КЕНТАУ: «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде бүгін Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі өтуде.

«Балалар әлемі» жобасы шеңберінде бүгін Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңі өтуде. Байқаудың мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру. Байқауға барлық жалпы орта білім беретін мектептерінің 3-10 сынып оқушылары арасынан жалпы саны 2039 оқушы қатысуда.

-Балалар «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған, Қазақстандық және шетелдік кітаптардың сілтемелері арқылы әдеби кітаптарды оқып, сол кітаптар негізіндегі тапсырмаларды орындайды.

-Байқау ІІ турдан өтеді.

І- турда балалар тест сұрақтарына жауап береді.

ІІ- турда эссе жазу.

Осы екі ІІ тур бойынша нәтижелі жоғары ұпай жинаған оқушылар жүлделі орындарға ие болады. Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.