
Кентау қалалық мәслихат депутаттары, Кентау қалалық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп мектеп және мектепке дейінгі ұйымдарға қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында мектеп және мектепке дейінгі ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиленушілерге қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі қаралды.