КЕНТАУ: «Зерде» зияткерлік сайысы

Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты, Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінде жоспарға сәйкес, 2022 жылдың қараша айының 10 күні директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Салмаханова Ұлбосын мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дуйсенбиева Нұргүлдің ұйымдастыруымен оқушыларды озық ойлы болуға тәрбиелеу және дарынды оқушылардың ой-ұшқырын анықтау,білімі мен біліктілігін дамыту, оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру,батылдығын шыңдау, жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту мақсатында 6 сынып оқушылары арасында «Зерде» зияткерлік сайысы өтті.

«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – демекші білім додасында 6а сынып оқушылары «Жас қыран» тобы білім көшбасшысы атанды. 6ә сынып оқушылары «Жас Ұлан» тобы тапқырлықтарын танытып, екі топ мүшелері мектеп басшысының дипломдарымен марапатталды. Ия, ХІХ ғасыр көшбасшысы — Абай Құнанбаев өз заманының дана да дара перзенті болғандықтан,оны ұрпақтары «көшбасшысы» деп атаған екен.Демек, «көшбасшы» деген атқа лайық болу үшін Абайдай болу керек.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.