КЕНТАУ: КЕНТАУДА «KENTAU KIDS MARATHON 2022» БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ.

Балалар жылында Кентау қаласында «KENTAU KIDS MARATHON 2022» республикалық балалар марафоны өтті. Жарысқа екі мыңға жуық жас спортшы қатысып, өз бақтарын сынады. Жарыста жас споршыларға қала әкімі Жандос Тасов сәттілік жолдады.

«Қаламызда алғаш рет өткелі тұрғын республикалық марафонға қош келіпсіздер! ҚР Президентінің жарлығымен 2022 жылды «Балалар жылы» деп атауының өзінде үлкен мән бар. Себебі біздің жарқын болашағымыз мына өздеріңіз секілді мықты жастардың қолында»,-деді.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған марафонда түрлі жарыс жеңімпаздары да келіп, балаларға салауатты өмір салтын ұстану маңызы мен артықшылықтарын таныстырды. 8,9,10 жас аралығындағы балалар 500 метрге, 11,12,13 жас аралығындағы балалар 1000 метрге, 14,15,16 жас аралығындағы балалар 2000 метрге жүгірді. Марафон қала орталығындағы Қонаев көшесінде өтті. Марафон соңында қала әкімі Жандос Тасов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Айтмахаметәлі Бердашев жеңімпаздарды құттықтап, медальдар табыс етті. Ал жеңіс тұғырынан көрінген жүлдегерлерге халықаралық жарыстарға жолдама берілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.