КЕНТАУ: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЧЕМПИОНДЫ КҮТІП АЛДЫ

Кентау қаласында Сербия мемлекеті, Суботица қаласында жастар арасындағы 40-ші «АЛТЫН ҚОЛҒАП» халықаралық турнирінің жүлдегері Бахтияр Анарбаевты күтіп алу рәсімі өтті. Спортшыны қолдап қала әкімінің орынбасары А.Байболова, “AMANAT” партиясының атқарушы хатшысы А.Басаров, балалық шағы өткен білім ордасының мұғалімдері, спорт жаттықтырушылары келді. Құттықтау сөзін алған қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова чемпионмен жерлестері мақтанатын жеткізіп, алдағы үлкен додаларда еліміздің көк туын желбірететініне сенім білдірді.

Айта кетейік, Сербия мемлекеті, Суботица қаласында жастар арасындағы халықаралық турнирі өткен болатын. Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған 60 келі салмақта кентаулық Бахтияр Анарбаев жұдырықтасқан. Нәтижесінде, 25 мемлекеттен 186 әлем боксшылары бас қосқан чемпионатта Бахтияр Анарбаев 1-ші орынға ие болды. Сондай-ақ жарыстың «Үздік боксшысы» атағына ие болды

Бахтияр Анарбаев осы күнге дейін бокстан Түркістан облысының ІV дүркін жеңімпазы, аймақтық ҚР чемпионатының — ІV дүркін жеңімпазы, ҚР чемпонатының ІІІ дүркін жеңімпазы, 2019 жылғы Кувейт еліндегі Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған. 2021 жылы Азия чемпионатының – алтын алған жеңімпазы, 2022 жылы маусым айында Венгрия елінің Будапешт қаласында өткен 71- ші халықаралық жарыстың жеңімпазы атақтарының иегері.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.