КЕНТАУ: Мектеп директорлары мен орынбасарларының семинары өтті

Қыркүйек айының 29-і күні Түркістан облысы, Кентау қаласы, Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің базасында Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес, қала мектептерінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдердің қатысуымен еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асыру,оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді құралдардың бірі мұғалімдерді шығармашылық қызметке дайындау және оны дамыту, сол арқылы оқушыны шығармашылыққа жетелеу, олардың білім, білік дағды деңгейлерін жетілдіру мақсатында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы мектеп директоры орынбасарының рөлі» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.

Семинарда мектеп психологтары Мұсағұлқызы Әсем мен Наманова Орынкүл келген қонақтарды «Витаминдер» жәрмеңкесімен тәтті витаминдермен ізгі тілектер білдіріп, семинарды нейрогимнастикалық жаттығулармен жақсы көңіл-күй сыйлады. Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Сапарбаева Фарида Темірханқызы қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес, ұйымдастырылған қалалық оқыту семинарының тақырыбы мен мақсатын таныстырып, қазіргі заманда ақпараттың көптігінен үздіксіз оқу міндетті. Сол себептен әр мұғалім табысты оқушыны дүниеге әкелу үшін өзіңдік білім көтеру жоспарынан бастағаны жөн деп есептеймін. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді құралдардың бірі мұғалімдерді шығармашылық қызметке дайындау және оны дамыту, сол арқылы оқушыны шығармашылыққа жетелеу, олардың білім, білік дағды деңгейлерін жетілдіру екенін аййта отырып, бүгінгі қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған семинардың баяндамашыларына сәттілік тілесе, мектеп директоры Бапахова Айшолпан Бүркітбайқызы келген қонақтарға өз ризашылығын білдіріп, келе жатқан ұстаздар мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Келесі кезекте,Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Баршабекова Назгүл «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы мектеп директоры орынбасарының рөлі» тақырыбында баяндама оқыды. Онда мектепте оқушылардың функционалдық сауаттылығын іске асыру бойынша оқу жылына арнап жылдық жоспар жасалып,жоспарға өзара тәжірибе алмасу алаңдары, сабақтарға кіру, коучингтер ұйымдастыру, семинар, конференцияларды ұйымдастыру сияқты т.б. жұмыстарды енгізілді.Мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын тағы бір тәсіл – білім жетілдіру курстарынан өтуі. Бұған әр үш жыл сайын өтетін курстардан басқа арнайы бір сала бойынша білім менгертетін курстар да кіреді. Жалпы менің пікірім ше, табысты мұғалім үш жылда өтетін курспен шектелмеуі тиіс. Себебі қазіргі ата-ана, оқушы сұраныстары өте жоғары, сондықтан жан — жақты даму үшін тақырыпты курстарға жиі қатысу қажет. Жыл ішінде бағдарламаның орындалуын тексере отырып, бағдарламаның кемшілігі мен ерекшелігі анықталып, проблема туындайды. Екінші жылы сол бағдарламаға жұмыс дәптерлер дайындалып, жақсы дайындалған жұмыстар конкурстарға жіберіледі. Жоғары оқу орындардағы мамандарға тексертіп, пікір жаздырып алынады. Мектепішілік әдістемелік кеңесте талқыланады. Осы жүйемен жүргізілген жұмыстардың сапалы, талапқа сай жасалған және сұранысы бар оқу бағдарламалар қалалық бөліміне жолданады. Осы жұмыс жүйесі нәтижесінде биылғы оқу жылында қалалық әдістемелік кабинетке «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына 5 жұмыс жіберілді. Біздің мектепте мамандар арасында функционалды сауаттылықты дамыту үшін жоғарыда айтылған жұмыстар түгелдей қамтылған. Атап айтатын жағдай мұғалімдер арасында өте ұтымды ұйымдастырылатын жұмыс түрі – коучингтер. Коучингте мұғалімдер өзара бір немесе бірнеше мәселеге бірігіп жауап іздейді және сосын нәтижесін іс-тәжірибелерінде қолданады. Мектепте жас мамандармен жұмыс дұрыс жолға қойылған. Әрбір жас маманға тәлімгер бекітіліп, жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Жас мамандарға функционалдық сауаттылық аясында жан-жақты жұмыстар, семинар, отырыстар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Және де жас мамандардың жеткен нәтижесіне көз жеткізу үшін түрлі конкурстарға қатысуға бағыттап отыратындығын, мектептегі атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Каримова Диана- «Математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында баяндама оқыса,

Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Мұхтарова Назира- «Оқу сауаттылығы – оқушылардың функционалды сауаттылығының негізі» тақырыбында практикалық тапсырмалар беру арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау мақсатында қатысушылармен коучинг өтті. Әр топ мәтінде кездесетін тірек сөздер мен көмекші ойлар арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтап, мозайкаларды ереже бойынша құрастырды.Не? Қашан? Неге? Нәтиже? сұрақтың аясындатұрмыста қолданылатын заттармен мәтінде берілетін құбылыстарды шынайы өмірмен байланыстыра отырып дәлелдеп, бағалады. Соңында кері байланыста қатысушылар құпия кілтпен өз ойлары мен бүгінгі семинарда жалпы функционалдық сауаттылық туралы нақты мәлімет алғандарын айтып, есікке кілттерді жапсырды.

Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Сапарбаева Фарида Темірханқызы — Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жан — жақты және қиын үрдіс. Сондықтан бүгінгі қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған семинар жоғары деңгейде өткенін, тақырып өз мақсатына жетекені туралы өз ризашылығын білдірді.

С.Қожанов атындағы №9 ЖОМ-нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бұхарбаев Жақсыбек, №5 ЖОМ-нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Долданова Рыскүл, №17 мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдуллаева Надыра, Шаш-төбе мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хасанов Розыбай — Бүгінгі оқушы — білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, барлық мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі жоғары болуы керек.Осы орайда ұйымдастырылған бүгінгі қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған семинарда баяндама оқыған әріптестерге алғыс айтып, «өте жоғары» деңгейде өтті және іс-шараны ұйымдастырып отырған көшбасшы қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мақұлбекова Айгүл, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Сапарбаева Фаридаға және мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.