
«Артық ғылым кітапта,ерінбей оқып көруге»деп ойшыл ақын Абай Құнанбаев айтып кеткендей,түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғыну.Кітап-білімнің қайнар көзі.»Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.Кітап оқудан тиылсақ,ой ойлаудан да тиылар едік»деген еді Ғ.Мүсірепов.Акцияның мақсаты-оқушылардың рухани байлығын дамытып,кітапхананың қорын әдебиеттермен толықтыру,оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де,тәрбиелі болып тәрбиеленуіне үлес қосып,оқушыларды кітапханаға тарту.Осы акцияға өз үлестерін қосып кітап қорын толықтыруға ат салысқан ұстаздарға және өз кітабын сыйға тартқан қонағымыз Түркістан қаласы Абай атындағы N31 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Р.Абдраманов мырзаға рахмет.Акцияда ән айтқан оқушыларымыз 4 «а» сынып оқушысы Мұқаш Нұрлыайым,3 «б» сынып оқушылары Секен Кәусар,Абзалқызы Аяла,
2 «ә» сынып оқушылары Құрбанай Айзере,
Амантай Балжан және 4 «а» сынып оқушыларына алғыс айтамыз.Осындай жылда аталып өтілетін акцияға белсенділік танытып,қатысуларыңызға шақырамыз.