
Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес N10 жалпы орта мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Отбасыммен бірге кітап оқимыз » атты отбасылық кітап оқу сағаты ұйымдастырылды. Мектеп ата-аналары балаларға әртүрлі ертегі кітаптар оқып беріп сайысқа белсене қатысты. Мектеп директоры Кадырова Гульжан Дуйсенбайқызы сайысқа қатысқан барша ата-аналарға ризашылығын білдіріп белсенділік танытқан ең үздік оқырман ата-аналарды алғыс хатпен марапаттап, естелік ретінде түрлі кітаптарды сыйға тарту етті. Сайыс қорытындысы бойынша марапатталған ата-аналарымыз Абишова Ақерке, Сәрсенова Гулнур, Қалдыбекова Далмира, Дәрменова Айсұлу, Шаданова Мөлдір.
Ата-аналаларға алғысымызды білдіре отырып мектебіміздің басқа да барлық ата-аналарын балалармен бірге кітап оқуға шақырамыз.
Жан-жақты білімді, рухани бай боламыз десек — кітап оқиық!