
«АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы білім саласына қатысты мәселеде, Кентау қаласында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша биылғы жылы Т.Рысқұлов атындағы № 24 жалпы орта мектебінде су және кәріз жүйелерін толықтай күрделі жөндеу жұмыстарына Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан 2022 жылы жалпы 40,0 млн теңге бөлініп, оңтайлы шешу бағыттары қарастырылып, мектептің оқу процессіне кедергі келтірмеу көзделіп отыр. Күрделі жөндеу жұмыстарының жалпы сметалық құны 425,0 млн теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстары 2022 жылы қыркүйекте басталып, сметалық құжаттарға сәйкес белгіленген жұмыстар қазан айында біту жоспарланып отырса, жалпы өтпелі кезеңмен ең басты жұмыстары 2023 жылы тамыз айының соңына аяқталу көзделген.
Партияның Кентау қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Арман Басаров, филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұрат Садуов, мүшелері Абдинаби Розибаев, Ақжігіт Паримбеков, Дархан Серікбаев, Бейсен Самбетов, мәслихат депутаты Мақсұт Гайруллаев, партиялық бекетке жауапты мәслихат депутаты Ұлбала Мұсаханова, мәслихат аппаратының қызметкерлерімен бірлесіп жөндеу жұмыстарымен танысты.
Күрделі жөндеу нысанының басына арнайы Партиялық бақылау бекетін орнатып, жұмысшылардың жағдайымен танысты. Жөндеу жұмыстарына «СКС инженеринг» ЖШС – мердігер атанған.,
Мониторинг жұмыстары барысында тапсырыс беруші мен мердігерге кемшіліктері көрсетіліп, жұмыстардың және материалдардың сапасына аса мән беруді, жұмысшыларды арнайы киіммен қамтылуын және жұмыстардың өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуін тапсырды.
Бүгінде жөндеу жұмыстарына 35 — тен астам жұмысшы тартылған. Басым бөлігі жергілікті қаланың тұрғындары.
«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалы