КЕНТАУ: «МЫҚТЫ ОТБАСЫ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ» АТТЫ ФИНАЛДЫҚ БАЙҚАУ

Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Кентау қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысымен отбасы институттарын нығайту, отбасының беделін көтеру, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған «МЫҚТЫ ОТБАСЫ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ» атты ауылдық және қалалық отбасылық байқаулары болып, міне бүгін финалдық мәресіне де жеттік.

Кентау қаласы, Хантағы, Байылдыр, Ащысай елді мекендері тұрғындарының қатысуымен өткен сайыста ақтық кездесуге шыққан отбасылардың ішінде Мырзабаевтар отбасы басым болып бас жүлдені жеңіп алса, 1 орынды Жакуповтар отбасы, 2 орынды Жамаловтар отбасы, 3 орынды Мыңбаевтар отбасы иемденді.

Тəрбиенің бастауы ыстық ұя ,

Біз құрақпыз,ата-ана бір дария.

Ғылым білген ғалым да тағзым етер,

Отбасы, ошақ қасы,ол-жанұя.

Бүгінгі рухани азығы мол, ұлттық құндылығымызды дәріптеген әрбір жанұя, отбасы біз үшін үлгі. Жеңісті жемісті күндеріміз көп болсын ағайын.

#Жастар2022

#КентауЖастарРесурстықОрталығы

#ОтбасыБайқау

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.