КЕНТАУ: Мектептің жас ғалымдары тәжірибелік жұмыстарын жасады

Бүгін мектебіміздің жас ғалымдары

Әділбай Шахарман 11 А сынып

Мұхтарұлы Әмірсейіт 10 Ә сынып

Кеңес Аяулым 10 А сынып

Кенжебекова Жанат 9 Ә сынып

Қойшыбаева Қазына 8 А сынып

Бимолдаева Кәмшат 8 б сынып

химия пәні мұғалімі Әбсейт Алтынбек Серикбайұлының жетекшілігімен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты Экология ғылыми зерттеу институтында тәжірибелік жұмыстарын жасады. Ә.Молдағұлова атындағы №19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі мен Экология ҒЗИ арасында ғылыми жобаларға бағыт-бағдар беріп, жетекшілік жасау бойынша меморандумға қол қойылғаны белгілі. Экология ҒЗИ директоры Ақбасова Аманкүл Жақанқызы оқушыларды жылы шыраймен қарсы алып, ғылым жолында жасаған ерең еңбектерімен бөлісті, сонымен қатар оқушыларға тәрбиелік, өмірлік азық болар ақыл-кеңестерін айтты. Ғылыми жобалар бойынша бағыт бағдар берді. Институттың зертхана меңгерушісі Қойшиева Гүлнар мен докторант Есенбаева Жанар апайлар зертханада оқушылармен жұмыс жасады. Өндірістік алаңда оқушылар пластик бөтелкелерді престеп, тәжірибелерді жасады. Ақбасова Аманкүл Жақанқызы оқушыларды ерекше өз сыйлығымен қуантты. Экология ҒЗИ директоры Ақбасова Аманкүл Жақанқызы мен қызметкерлеріне үлкен алғыс білдіреміз. Істеріне береке, табыс тілейміз!!!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

604 Comments