
Түркістан қаласы, Кентау адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Менің кіші Отаным» байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары қатысты.
Нәтижесінде «Менің кішкентай Отанымның болашағы’ атты макетін презентация арқылы таныстырып бас 9 «Б» сынып оқушысы Орынтай Иса Бас жүлдeлі орынды иеленсе, Нышанбай Нұрай «Менің туған өлкем» атты эссе жазып ІІ орын алды. Жеңімпаз оқушыларымызды, сынып жетекшілер мен тарих пәні мұғалімін шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болып, облыстық кезеңде жүлдемен оралуларыңызға тілектеспіз! ##өзі-өзі басқару