КЕНТАУ: «Мұхтар Әуезов-қазақ әдебиетінің тарланы»

Ататүрік атындағы №4 мектеп -лицейінде тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жыл толуына орай М. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығымен, Абай жолы роман-эпопеясымен таныстыру, оқушыларды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру мақсатында, «Мұхтар Әуезов-қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында 7-9 сыныптар аралығында қойылым сайысы, әдеби-сазды кеш өтілді. Қатысқан барлық сыныптарға жүлделі орындар беріліп, алғыс хатпен марапатталды. Бүгінде есімі ұлттық мақтанышымызға айналған, әлемдегі ұлылардың қатарына кірген, халқымыздың кемеңгер перзенті Мұхтар Әуезовты қазақ мәңгілік жадында.

КЕНТАУ: Кітап — алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.

Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» — деп бекер айтпаса керек. Кітап — алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі — білім қазынасы. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі — өнеге мен тәрбие аламыз. Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М. Қашғари атындағы мектеп — лицейінде 29. 09.2022 ж. күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап әлемді бағындырады» атты кітап сыйлау акция ұйымдастырылды. Акцияға мектеп әкімшілігі, мұғалімдері және оқушылар белсене қатысты. Акцияға қазақ тілі, орыс тілі өзбек тілі және ағылшын тіліндегі кітаптар сыйға берілді. Акцияға 110 дана кітап келіп түсті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.