КЕНТАУ: «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары» бекітілді

2022 жылғы 22 қыркүйек күні сағат 15.00-де Ә. Молдағұлова атындағы №19 мектеп лицей базасында «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы №377 бұйрығына қосымша әдістемелік ұсынымдарды таныстыру мақсатында білім беру ұйымдарының педагог-психологтарымен түсіндірме жұмысы өткізілді.

Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Р.Жайымбай педагог-психологтарға «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары» бойынша жалпы ережелеріне, «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу тәртібіне» жеке-жеке тоқталып өтті.

Психологиялық қызмет білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу іс-әрекетінің білім беру уәждемесін, үлгерімін, шығармашылық өзін-өзі іске асыруын қалыптастыру, психологиялық жай-күйін тұрақтандыру, бейінді өзін-өзі айқындау және басқа да қолайлы жағдайлар бойынша білім беру ұйымының алқалы органы болып табылады.

Психологиялық қызметтің жұмысы білім беру қызметіндегі қиындықтарды анықтауға және диагностикалауға, консультация беруге, білім беру ортасы жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мен қолдау көрсетуге, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің психологиялық салауаттылығын сақтау және нығайтуға бағытталған.

Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің құрамына – орта білім беру ұйымы басшысының (директорының) орынбасары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар кіреді. Психологиялық қызметтің құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Сынып жетекшілер, тәрбиешілер, пән мұғалімдері, медицина қызметкерлері білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық қолдау процесіне қатысады және лауазымдық міндеттеріне сәйкес ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды.

Педагог-психолог өз қызметін диагностикалық, консультациялық, дамыту (коррекциялық), психологиялық-педагогикалық ағарту, ұйымдастыру-әдістемелік бағыттар бойынша жүзеге асырады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.