КЕНТАУ: «ТАМЫЗ КЕҢЕСІ — 2022» КІТАПХАНА ІСІ СЕКЦИЯСЫ

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-і кеше Кентау қаласындағы Мәдениет сарайында «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында педагог қызметкерлердің Тамыз кеңесі аясында «Педагогикалық менеджментті жетілдіру арқылы білім беру сапасын қамтамасыз ету» атты 2 секциямен қатар «Балалар жылы: оқымысты балалар — бейбіт елдің тірегі!» атты кітапхана ісі секциясының отырысын өткізді.

Секция отырысына аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің басшылықтары мен мектеп, колледж кітапхана мамандары және де Нұр-Сұлтан қаласынан Ұлттық Сауаттылық қауымдастығының директоры, тренер Майра Рахымбайқызы және «E-Kitaphana» сервисі портал жұмысының техникалық үйлестірушісі Жұманазарова Бану т.б. қатысып, ZOOM платформасы арқылы байланысқа шығып, құнды баяндама, түсіндірме жұмыстарымен бөлісті. Кітапхана ісі секциясының модераторы болып, облыс әдіскері Ақмарал Мейірбекқызы жүргізіп отырды.

Жиын барысында Алғы сөз алған Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Марина Сейдуалықызы, жалпы білім саласындағы басты жаңалықтарға шолу жасады. Секция отырысы одан әрі шебер-сыныптар, коучинг, кітапханалық сабақтарға жалғасып, өз мәресіне жетті.

Күннің екінші жартысында баяндама, жобаларға қызу талқылаулар, ой пікірлер мене ұсыныстар айтылды. Секция соңында алдағы уақытта тек жаңашылдыққа ұмтылу керектігі тілге тиек болды. Қатысушылар Жаңа, 2022-2023 оқу жылы табысты, жетістігі мол жыл болсын деген өз ниеттерін білдірді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.