КЕНТАУ: “Тіл -достықтың алтын көпірі”

2022 жылы 12 қыркүйек күні тілдер мерекесіне орай “Тіл мәртебесі-ел мәртебесі” тақырыбында №10 жалпы орта мектеп базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдер арасында “Magic poetry” әдеби круиз форматында кеш өткізілді. Әдеби кешті Түркістан облысы, “Білім беруді дамыту орталығы” тілдер кафедрасының меңгерушісі Апетова Сауле Канлыбаевна ашып, барша әріптестерге сәттілік тіледі.

А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай, келген қонақтар құнды баяндамаларымен ой бөлісті. Кеште Түркістан қаласы және Сауран ауданынан келген қонақтармен әр түрлі форматта ойындар ұйымдастырылды. Әдеби кеште ағылшын тілі пәні мұғалімдері Абай Құнанбайұлын, А.С.Пушкинді, У.Шекспир ролін сомдады. Сондай-ақ ұстаздар У.Шекспирдің “Ромео және Джульетта” пьесасынан үзінді көрсетті, ал оқушылар ақын жазушылардың шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Әдеби кеш А.Құнанбаевтың “Көзімнің қарасы” әнімен аяқталды.

Барша ұстаздарды мерекемен құттықтай отырып, бүгінгі кеш ұстаздар қауымын біраз серпілтіп, қоржыны тың мағлұматтармен толысты деген үміттеміз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.