Биылғы «Үздік педагог» байқауы толығымен веб-порталда цифрландырылған форматта өтті. Байқауға 28 педагог өтініш тастады, алайда 7 педагогтың құжаттары мен материалдары талапқа сай рәсімделіп, өңірлік комиссияның сараптамасынан өтті. Әр үміткерге 3 сарапшы маман бекітілді, бекітілген сарапшылар тек өзіне арнайы берілген логин пароль арқылы веб-порталда үміткерлердің жұмысын бағалады. Тауелсіз, дербес бағалау төмендегі нәтижені көрсетті.«Үздік педагог» атағын беру туралы қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа сай, «Т.Рысқұлов» атындағы №24 жалпы орта мектебінің мұғалімі Тулеева Жанат-191 балл, «Ю.Гагарин» атындағы №16 мектеп-лицейінің мұғалімі Акбердиев Азамат-180балл, «Ы.Алтынсарин» атындағы №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі Бакильбеков Оркен-177 балл, «әл-Фараби» атындағы №14 мектеп-гимназиясының мұғалімі Сулейменова Улжамал-172 баллмен қалалық кезеңнің «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы атанып облыстық «Үздік педагог – 2022» конкурсына жолдама алды. Ұстаздарға сәттілік тілейміз!