
Бүгін Кентау қаласында орналасқан Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Кентау қалалық филиалында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы аясында кездесу өтті. Кездесуге университет мұғалімдері мен мекеме ұжымы қатысты. Кездесу барысында Жолдауда көтерілген мәселелер талқылана келіп, бірауыздан қолдау тапты. Жиын соңында қиын отбасы, көп балалы отбасыдан шыққан, сондай ақ, басқа да студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі қозғалып, бұл бағытта жұмыстар атқарылатыны айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.