КЕНТАУ: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға-кітап сыйла» атты айлық аясында қайырымдылық акциясы өтті

Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға-кітап сыйла» атты айлық аясында қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның ашылуында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омаров Тұрар, директордың бейімді оқу ісі жөніндегі орынбасары Нарымбетова Мереке сөз сөйлеп, акция мақсатымен таныстырды. Мектеп ұстаздары мен оқушылары кітаптар сыйлады. Кітапханашылар оқырмандарға кітапхана жұмысымен таныстырды. Оқушылар өлең шумақтарын оқыды. Мектепішілік акцияны ұйымдастырған кітапханашылар Дауытбаева Нұржамал, Мадиханова Рано, педагог-ұйымдастырушы Айнабекова Балнұр, аға тәлімгер Егембердиева Динара.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.