Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы #1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің ұстазы Ерлан Жұмабаев оқушылардың сабақтан тыс уақыттарын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 5 сынып оқушылары үшін волейбол үйірмесін ашты.