Кентау қаласы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Ұстаз деген — ұлы есім» атты Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға қала әкімі Жандос Тасов қатысып, мұғалімдерге құрмет көрсетті.
«Бүгінгі күн — білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Бұл тұрғы да оқушыларымыз жан-жақты білімдерін дәлелдеп келеді. Өткен оқу жылының нәтижесі де жемісті болды. Оның бәрі әрине алдымен ұстаздардың еселі еңбегінің нәтижесі деп білем» деді қалат әкімі.
Құттықтау сөзден соң білім саласында озық тәжірибелері бар білікті ұстаздарды «Алғыс хаттармен» марапаттады.
Қала бойынша 844 түлек мектеп бітіріп, 726 оқушы ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ нәтижесінде жалпы орта балл 73,9 баллды құрап, 72 оқушы «Алтын белгі», 40 оқушы «Үздік аттестат» алды. Биылғы бітіруші түлектердің 412-ы мемлекеттік грантқа, ал 2 оқушы шет ел мемлекеттерінің жоғарғы оқу орындарына түскен. Қазіргі таңда мемлекеттік грантқа түскен оқушылардың үлесі 57% құрап отыр.
Бүгінде Кентау қаласында жас ұрпаққа білім мен өнегелі тәрбие беру ісімен 1890 мың ұстаз айналысады. Салтанатты жиында «Amanat» партиясы Кентау қалалық филиалының хатшысы А.Басаров, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Б.Жұмабаев, қалалық кәсіподақ төрағасы Т.Садуов ұстаздар қауымын құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелік шара әсем ән, сазды әуен, мың бұралған бимен жалғасын тапты.
I see You’re really a good webmaster. This web site loading speed is incredible.
It seems that you’re doing any distinctive trick. Moreover,
the contents are masterpiece. you’ve performed a wonderful
process on this subject! Similar here: dyskont online
and also here: Dyskont online
It is noteworthy that TAM and rBMP7 administration was effective in suppressing inflammatory cell infiltration and inflammatory cytokines in the PM, as observed in other tissues DellГЄ et al generic priligy online