
Ә.Молдағұлова атындағы 19 ақпараттық-технологиялар мектеп-лицейінде 22.09.2022 жылы «Қазақстан халықтарының тілдер күні» мерекесіне орай 7 «а» сыныпта ашық тәрбие сағаты болып өтті.Жастардың ана тілін біліп,құрметтеп,қастерлеуді өзіне басты міндет еткен қазақ тілі мен қазақ әдебиет пән мұғалімі,әрі 7″а»сынып жетекшісі Ләззат Жүзтаева «Өз тілің бірлік үшін-өзге тіл тірлік үшін»атты ашық тәрбие сағатын өткізді.Тіл заңы және А.Байтұрсынов туралы білімді кеңейтіп,мақал-мәтелдер,сахналық қойылымдар,өлеңді мәнерлеп оқу арқылы танымдылық қабілеттерін шыңдап,сөздік қорын көбейтуге ықпал етті.Белсенділік танытқан оқушылар мен ұстазы Ләззат апайды,атаулы күнмен құттықтаймыз.