КЕНТАУ: Қарнақ жалпы орта мектебінде «Баланың бас ұстазы -ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті

Қарнақ жалпы орта мектебінде 17.09.2022ж. күні сағат 13-00 де Қалалық Адами Әлеуетті Дамыту бөлімімен келісіліп «Баланың бас ұстазы -ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп директорының м.а. Ерлан Омаров, ҚАӘД бөлімінің әдіскері Асель Сенбекова, мектеп қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мамир Хаширметов жалпы ата-аналар және мектеп ұжымы қатысты. Ата-аналар жиналысын мектеп директорының м.а. Ерлан Омаров ашып берді және ауылдағы болып жатқан кәмелет жасқа толмағандар яғни мектеп оқушыларының құқықбұзушылығының алдын алу жайлы әнгіме қозғады. Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстарының орынбасарлары өткен оқу жылына есеп беріп, жаңа оқу жылындағы мақсат-міндеттер жайлы баяндамамен таныстырды. АӘДБ әдіскері Сенбекова Асель ханым және мектеп қамқоршылық кеңесінің төрағасы Хаширметов Мамир мырзаларда сөз сөлеп ата-аналар және мектептің мықты байланыста болуын өтінді.

Камелет жасқа толмаған ұл-қыздардың тәрбиесіне бірге көңіл бөліп, құқықбұзушылықтың алдын алу керектігін, болашақ жастарға сапалы білім, саналы тәрбие берулерінің жолдарын қарастырып өз пікірлерімен бөлісті.

Ата-аналар өздерін толғантыратын сұрақтарын және ұсыныстарын ортаға салып, мектеп әкімшілігі өз кезеңінде оң шешімін табу жолдарын қарастырды.Жиналыс барысында мектеп әкімшілігі ұйымдастырған тренинг және бейне роликтер тамашаланды. Алдағы уақытта мектеп, ата-ана және оқушы үшбұрышының жұмысын жандандырып, алға қойған мақсаттарға бірге жетуі айтылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

438 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.