КЕНТАУ: «Қарнақ» жалпы орта мектебінде «Математика, информатика және физика пәндерін оқытуда оқушылар өмірде қолдана алатын білімді беру» атты математика информатика, физика апталығының ашылу салтанаты өтті.

«Қарнақ» жалпы орта мектебінде «Математика, информатика және физика пәндерін оқытуда оқушылар өмірде қолдана алатын білімді беру» атты математика информатика, физика апталығының ашылу салтанаты өтті. Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше.

Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз-оқушылар информатика мен математиканы, физиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Апталықтың ашылу салтанатын мектеп директоры м.а. Е.Омаров және бірлестік жетекшісі С.Сайденов ашып берді.

Мұғалімдер оқушыларға логик ойындар, қызықты сұрақтар және жұмбақтар қойды. МИФ пән апталығының ашылуына белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтар, мараппаттар берілді.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер- бүгінгі МИФ апталығы ашық деп жариялаймыз!

Бірлестік жетекшісі: С.Сайденов

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.