КЕНТАУ: «Қарттарым – асыл қазынам!»

Ататүрік атындағы №4 мектеп -лицейінде тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес, қалалық адами әлеуетті бөлімінің 22 қыркүйек күнгі №08-/-/-/1701 хатын орындау негізінде

«1–қазан Халықаралық қарттар күніне» мерекесіне орай жалғызілікті қарт зейнеткерлер мен қарт ұстаздарды қастерлеу мақсатында акция ұйымдастыру, оларға материалдық, әлеуметтік — тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету, үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету мақсатында педагог-ұйымдастырушы Н.Дуйсенбиева мен мектеп тәлімгері М.Жусипбаеваның ұйымдастыруымен «Қарттарға қамқорлық жасайық!» атты акция ұйымдастырылды. Акцияға мектебіміздің «Шаңырақ» өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 7-10 сынып оқушылары мектеп тәлімгері Жусипбаева Мадинамен мөлтекаудандағы бес тыл ардагерлері, жалғызілікті қарт зейнеткерлер Якоби Эльвира Александровна, Набатчикова Валентина Егоровна, Олейникова Мария Васильевна, Камалова Гафия Инсаповна, Максутова Мария Ибижановнаның үйлеріне барып мерекемен құттықтап, тәттілер сыйлап, баталарын алып қайтты.

Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Ия аяулы қарттарымыз сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым — парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.Бар тәттіні аузымызға тосып, бар жақсыны үстімізге кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл — өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана қарттарымыз аман болсын! Оқушыларға қолдау көрсеткен сынып жетекшілері мен ата-аналарына алғысымыз шексіз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. Magnificent goods from you, man. I have be mindful your stuff prior
    to and you’re just too magnificent. I really like
    what you’ve received right here, really like what you’re stating
    and the way in which during which you say it. You make it entertaining and you still care for to
    keep it wise. I cant wait to learn far more from you.
    That is actually a wonderful site. I saw similar here: Dobry sklep

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.