
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып,
туған ел егемендігінің қалыптасуы мен тұғыры берік болуы үшін, шәкірт тәрбиелеу жолында қосқан сүбелі еңбектеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Дендеріңізге саулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға береке — бірлік, қуаныш тілейміз.
Ізгі тілекпен: «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалы.