
#оқуға құштар мектеп
23.09.2022 жылы Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ә.Молдағұлова атындағы 19 мектеп-лицей базасында «Балалар әлемі» атты қалалық балалар оқулары байқауының ашылу салтанаты болды. Іс-шараның мақсаты балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру еді. Байқауға қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептердің 3-10 сынып оқушылары қатысты. Байқау екі турдан өтіліп, біріншісі оқыған кітаптарынан тест тапсырып, екінші турында тақырыпқа сай эссе жазды. Балаларға арнап кітап көрмесі ұйымдастырылды.