КЕНТАУ: «Ұстазыңды ұлықта» аясында іс-шаралық жоспар түзілді

2022 жыл 30 қыркүйек күні «Қарнақ»жалпы орта мектебінде мұғалімдер күніне орай «Ұстазыңды ұлықта» аясында іс-шаралық жоспар түзілді. Жоспарға сайкес 9-«А» сыныбында «Ұстаз салған сара жол!» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Юсупова Н басшылында ашық тәрбие сағат, 4-«Г» сыныбында бастауыш сынып мұғалімі Д.Розиметова басшылығында «Ұстаздар сізге мың тағзым» ашық тәрбие сағат, мектеп Акт залында Казиева Х., Джалалова Д., Атабеков Ф. басшылығында ардагер ұстаздар қатысуымен мерекелік бағдарлама болып өтті. Бұл іс-шараларды өткізуден мақсат «Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі» деген Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай ,құнды қасиеттерге ие болу. Қарнақ жалпы орта мектеп директоры міндетін уақытша атқарушы Омаров Ерлан Мұратұлы сөзге шығып барлық мұғалімдерді кәсіби мереке «Ұстаздар күнімен» құттықтап, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Б. Жұмабаевтың, салалық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарын табыстады. Ауыл өзбек этно мәдени орталығының төрағасы Б.Хабибовтың атынан жастар ұйымының төрағасы Д.Абдалиев медаль және Алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шарада барлық сынып оқушылары өте белсенді қатысқандарын айтып өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

9 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.