Абай атындағы №5 жалпы орта мектебінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ салтындағы қызға қойылатын қырық үйден тыйымдарды айта отырып, қыздарға инабаттылық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Әжелер сөзі-ақылдың көзі» тақырыбында әжелермен танымдық-тәрбиелік сұхбат кеші өткізілді. Сұхбат кешімізде әжелеріміз өз ақыл-кеңестерін айтып, оқушылар ән би, өлеңдерін жолдады.